Украина ресейлік "Вконтакте", "Одноклассники" әлеуметтік желілері және Mail.ru мен "Яндекс" ресурстарына тыйым салды. Бұл туралы президент Петр Порошенко мақұлдағын Қауіпсіздік пен қорғаныс ұлттық кеңесінің шешімінде айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Украина президентінің сайтында жарияланған жарлық бойынша бұл санкциялар үш жылға салынды.
Сонымен қатар, "Касперский зертханасы" және "Доктор Веб" антивирустарына да санкция салынды.
Санкцияның кеңейтілген жаңа тізімінде Ресейден және Украинадан 1228 адам мен 468 заңды тұлға бар. Соның ішінде, Ресейдің Мемлекеттік дума депутаттарына Украинаға кіруге тыйым салынған. Сонымен қоса, "Россия сегодня" ХАА, "Звезда", ТВЦ, "НТВ плюс", РБК, РенТВ сияқты арналары да көрсетілмейтін болды.