Украиналық лайнердің апатқа ұшыраған сәтінің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиналық лайнердің апатқа ұшыраған сәтінің видеосы пайда болды

Желіде украиналық Boeing 737 лайнерінің апатқа ұшыраған сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде украиналық Boeing 737 лайнерінің апатқа ұшыраған сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны Mash-Telegram жариялады.

Әуежайдың қоғаммен байланыс бөлімінің бас директоры әуе апатының болғанын растады. Ол ұшақтың Киевке ұшып баруы тиіс болғанын айтты.

"Әл-Жазира" телеарнасының мәліметінше, PS 752 рейсі Тегераннан жергілікті уақыт бойынша сағат 5.15-те ұшып кетуі тиіс болған, бірақ рейс бір сағатқа кешіктірілген. Осылайша, ұшақ сағат 6.12-де ұшқан.

Еске салайық, мұның алдында Иранда 180 жолаушысы бар украиналық ұшақтың құлағаны хабарланған болатын. Лайнердің "техникалық ақауға" байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшырағаны айтылады. Әуежай басшысы әуе апатын растады. Ол ұшақтың әуежайдан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети