15 наурыз 2014 | 16:33

Украинаның ІІМ басшысы Харьковтағы қақтығыс жөнінде пікірін білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото lenta-ua.net сайтынан алынды Фото lenta-ua.net сайтынан алынды

Украинаның ІІМ басшысы Арсен Аваков 15 наурызға қараған түнде Харьковта орын алған қақтығыс жөнінде пікірін білдірді. Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында жазды. Оның айтуынша, Харьковтағы радикалдардың түндегі атысы барысында екі тарап жағынан 30 шақты адам тұтқындалған. Екеуі мерт болған, бірнеше адам жараланған, соның ішінде бір құқық қорғаушы қатты жарақаттанған. Екі тараптың да қарулары тәркіленген. Тергеу жұмыстары жүруде. "Тілшілер мен екі тараптың белсенділері өздеріңізді алдап-арбауға жол бермеулеріңізді сұраймын! Жағдай онсызда оңай емес. Айтқан немесе жазған сөздеріңізге мұқият болыңыздар. Бұл стратегиялық немесе әскери ойын емес - бұл шынай болып жатқан оқиға және адамдардың өмірі. Сондықтан да елдің шығысы пен батысында тұратын, орыс және украин тілінде сөйлейтін тілшілер мен барлық белсенділер, ойланыңыздар, сырттан келген арандатуға жол бермеңіздер. Ашу-ызымен ештеңе шеше алмаймыз. Жағымсыз әсерлер ешнәрсені өзгертпейді. Барлығыныздан сұрайтыным: ашуланбаңыздар және эмоцияға берілмеңіздер. Не істесеніздерде, адалдықпен жасаңыздар", - деп жазды Аваков 15 наурызға қараған түнде Харьков көшелерінде қақтығысы орын алып, қатысушылар атыс қаруларын пайдаланған. Жергілікті "Антимайдан" өкілінің айтуынша, қала тұрғындары Харьковқа батыс Украинадан автобуспен келген "Оңшыл сектор" ұйымының қарулы адамдарына қарсы тұрған. Белсендінің айтуы бойынша, сырттан келгендер автоматпен атысуда. Тағы бір мәліметте, атыс мылтықпен болып жатыр. Ал, бірнеше БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қақтығыс салдарынан екі құқық қорғаушы мерт болған.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети