Украина сыртқы істер министрлігі, Донбастағы қаруланғандарды әскери қолдағаны үшін Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жіберді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Украина сыртқы істер министрлігі, Донбастағы қаруланғандарды әскери қолдағаны үшін Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жіберді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Ресей Украинаға қаруланған, техникамен жабдықталған әскер жіберуін жалғастырып жатыр. Кеше Украина сыртқы істер министрлігі сыртқы саясатқа қатысты Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жіберді", - деп мәлімдеді Украина сыртқы істер министрлігінің информсаясат департаментінің директоры Евгений Перебийнис.
Перебийнистің айтуынша, нотада Украина Ресейдің мұндай әрекеттері БҰҰ-ның халықаралық заңдық нормаларына қарама-қайшы екенін көрсеткен.
Айта кету керек, осыған дейін Ресей Украинаның оңтүстік-шығысында болып жатқан ішкі қақтығыстарға қатысы жоқ екенін бірнеше мәрте мәлімдеген. Бұған қатысты Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаның оңтүстік-шығысындағы қаруланғандарға әскери техника, оқ-дәрі және басқа көмектерді жеткізбегендерін, осы арада Ресейді кінәлауға негіз жоқтығын айтқан болатын.