Украиндағы әуе апатынан кейін Лондонда алтын бағасы төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиндағы әуе апатынан кейін Лондонда алтын бағасы төмендеді

Украинадағы ұшақ апатынан кейін Лондон биржасында алтын бағасы жоғарылағаны байқалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазақмыс" сарапшылары хабарлап отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинадағы ұшақ апатынан кейін Лондон биржасында алтын бағасы жоғарылағаны байқалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазақмыс" сарапшылары хабарлап отыр.

Сарапшылардың пікірінше, Украинаның шығысында жолаушылар ұшағына шабуыл жасалғандығы туралы ақпараттан кейін Лондонда алтынның қымбаттауы байқала бастаған. Лондонның бағалы металдар нарығында алтын бағасы  соңғы сауда күндерінде бір унциясы 1302,5 доллардан 1307,25-ке дейін жоғарылағаны белгілі болды.

Ал Нью-Йоркте керісінше, алтын бағасы аздап арзандағаны байқалып отыр. Сарапшылар мұны табыс белгісінің бұрынғы өсімімен байланыстырады. Дегенмен, Украинадағы ұшақ апатынан кейін баға тұрақтылық сақтап тұр. Айта кетейік, мұның алдында Нью-Йорктің New York Mercantile Exchange (NYMEX) тауар биржасында алтын бағасы унциясына 1316,7 доллардан 1309,2 долларға дейін төмендеген еді.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети