Украиндық Дарт Вейдер мен Чубакка бетпердесін парламент сайлауында шешті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиндық Дарт Вейдер мен Чубакка бетпердесін парламент сайлауында шешті ru.tsn.ua сайтынан

"Жоғарғы Рада депутаттығына үміткер Дарт Вейдер мен оның жақтастары сайлаушылар алдында бетпердесін ашты" ,- деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жоғарғы Рада депутаттығына үміткер Дарт Вейдер мен оның жақтастары сайлаушылар алдында бетпердесін ашты" ,- деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетейік, желілерде сайлау учаскелерінен алынған тізімде "Украинаның Интернет-партиясы" көшбасшылары Дарт Вейдер мен Палпатин Императорының бет-жүзін бүркемелеген суреттері пайда болған еді.

Twitter-ді пайдаланушылардың бірі  "Дарт Вейдер бұрынғы емес..." деп жазып қойыпты сурет астына. Әлеуметтік желілерде сонымен қатар, "Украинаның Интернет-партиясының" өзге мүшелерін басқа кейіппен көруге болатын суреттер жарық көрген-ді, яғни олар суретке "Жұлдызды соғыс" атты діни аңызындағы кейіпкерлер - Чубакки, Падме Амидал мен Магистр Йод кейпімен түскен екен.

Айта кетейік, партия көшбасшысы Дарт Вейдер Украинада танымал. Кезінде ол президенттік сайлауға түскен. Сонымен қатар, өзін Одессаның мэрімен деп жариялаған болатын. Айтпақшы, Одессаның бұрынғы мэріне "Татуин ғаламшарын басқар" деп ұсыныс жасаған да сол. Оның заңсыз автотұрақтармен күрес жүргізіп, "ақыр заман" келе жатыр деген желеумен халыққа сіріңке мен тұз таратқаны тағы бар.

Естерңізге салсақ, бүгін Киев уақыты бойынша (Астана уақытымен сағат 12.00) сағат 8.00-де Украина Жоғарғы Радасының халық депутаттығынан үміткер кандидаттарға дауыс беру басталған болатын. Сайлауға барлығы 29 партия қатысуда. Сайлау туралы заңға сәйкес парламентке 450 халық депутаты іріктелініп алынуы тиіс. Алайда биылғы сайлауда бұрынғыдай емес, уақытша басып алынған Қырым, Севастополь секілді аймақтарда орналасқан 12 мажоритарлық округтерде дауыс беру науқаны өтпеген. Сол себепті Радаға 450-дің орнына 423 депутат өтетін болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети