Ұлыбритания премьер-министрінің орынбасарына өз компьютерінде порнография сақтады деген айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания премьер-министрінің орынбасарына өз компьютерінде порнография сақтады деген айып тағылды © The Sun

Лондон қаласының бұрынғы комиссары Боб Квик Ұлыбритания үкіметі кеңсесінің басшысы әрі премьер министрдің орынбасары Дэмиан Гринді жұмысқа арналған компьютерінде порнография сақтады деп айыптады,- деп хабарлайды The Times.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лондон қаласының бұрынғы комиссары Боб Квик Ұлыбритания үкіметі кеңсесінің басшысы әрі премьер министрдің орынбасары Дэмиан Гринді жұмысқа арналған компьютерінде порнография сақтады деп айыптады,- деп хабарлайды The Times.

Квиктің айтуынша, полицейлер 2008 жылы шенеуніктің компьютерін тексеруге рұқсат алған.Офицердің айтуынша, Гриннің компьютерінен табылған видеолар "жесткое порно" деңгейіне жатқызуға болады екен. 

Оның айтуынша, мұндай жағдайда қызметтік теріс қылық болып табылып, жұмыстан босатуға әбден болады.

Гриннің айтуынша, Квиктің айтқандары "жалған әрі арсыздық". Ол бұрынғы полицейдің өзіне қарсы істеген қастандығы деп санайды. "Ол менің саяси мансабымды бұзғысы келеді. Бұл оқиға - ойдан құрастырылған, ешқандай негізі жоқ", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында. 

Қараша айының басында журналист Кейт Молтбри Гриннің тарапынан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерінің құрбаны болғанын айтқан. Қыздың айтуынша, оқиға 2015 жылы болған. Ұлыбритания премьері Тереза Мэй қыздың арызы бойынша қызметтік тексеріс бастауды тапсырды. 

Айта кетейік, осыған дейін Ұлыбританияның қорғаныс министрі Майкл Фэллон сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетке барды деген айыптар үшін қызметінен босатылды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети