Ұлыбритания Шотландияға тәуелсіздіктің балама түрін ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания Шотландияға тәуелсіздіктің балама түрін ұсынды

"Ұлыбританияның Қаржы министрі Джордж Осборн мәлімдегендей, егер Шотландия 18 қыркүйекке жоспарланып отырған референдум кезінде "тәуелсіздігімізді аламыз" деген ниеттерінен бас тартса, оларды экономикасы жағынан дербестікпен қамтамасыз ететін жоспар ұсынбақ»,- деп хабарлайды РИА Новости.

Бұрынырақта мәлім болғандай, Шотландияның Құрама патшалықтан бөлек шығу-шықпауы әлі екіұдай. "Егер референдум кезінде Шотландияның егемендік алғанына қарсы дауыс көп болса, ондай жағдайда оларға салық саласы бойынша көбірек өкілеттік беріліп, қаржыны жұмсауда және әлеуметтік қамсыздандыру саясатында бірқатар тиімді шарттар жасалмақ. Бұл шешім референдум біздің пайдамызға шешілген күні күшіне енеді", - дейді Джордж Осборн ВВС телеарнасында берген сұхбатында.

Бұл бағдарлама британдық парламенттің негізгі үш партиясымен келісіп жасалыпты. Министрдің бұл мәлімдемесі YouGov қызметі мен Sunday Times газеті жүргізген сауалнамадан кейін жария болды.

Сол сауалнамада Шотландияның тәуелсіздігіне дауыс бергендер 51 пайызды құраса, қарсы тарап респонденттері 49 пайыз.

Егер тәуелсіздікті жақтаушылар басым түссе, 2016 жылдың 24 наурызынан бастап бұл ел Құрама патшалықтан бөлініп шығуға құқылы. Ал Ұлыбритания билігі "мұндай шешім екі жаққа да еш пайда әкелмейді" деп санайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети