Ұлыбританияда терроризм үшін сотталған 74 адам бостандыққа шықты

Ұлыбританияда терроризм үшін сотталған 74 адам бостандыққа шықты Көрнекі сурет © pixabay.com

Ұлыбританияда терроризмге қатысты сотталған 74 адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияда терроризмге қатысты сотталған 74 адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы. 

Бұл туралы BBC телеарнасына сұхбат берген премьер-министр Борис Джонсон мәлімдеді.

Сонымен қатар, үкімет басшысы Усман Ханның бостандыққа шығуына қатысты да пікір білдірген. Ол Лондондағы көпірде теракт ұйымдастырып, 2 адамды мерт қылған еді.

Джонсонның айтуынша, Ханның мерзімінен бұрын босатылуы ақылға қонымсыз. Себебі ол 2005 және 2008 жылдары қабылданған заңдардың кесірінен арнайы комиссияның шешімінсіз бостандыққа шыққан. 

Ал Борис Джонсон терроризм үшін жаза кемінде 14 жыл болу керегін айтқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети