Ұлыбританиялық полицейлер күдіктілерді ұстау үшін мультфильмдегі әдісті қолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық полицейлер күдіктілерді ұстау үшін мультфильмдегі әдісті қолданды © Simpsons / 20TH CENTURY FOX

Ұлыбританияның Саут-Йоркшир графствосының полицейлері "Симпсоны" мульсериалындағы әдісті пайдаланып, 21 күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды The Independent.


Ұлыбританияның Саут-Йоркшир графствосының полицейлері "Симпсоны" мульсериалындағы әдісті пайдаланып, 21 күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды The Independent.

Полицейлер жалған фирманың атынан жарнамалық хабарландырулар жасап, тығылып жүрген қылмыскерлердің негізгі мекен-жайларына жіберген. Егер олар сыйлық алғысы келсе, сыйлықты жеткізу үшін қайда тұрып жатқанын жазу керек болған. 

Осылайша біршама күдікті өздерінің тығылып жатқан мекен-жайын жазып жіберген, соның арқасында курьер болып киініп барған полицейлер оларды тұтқындады. 

Басылым мәліметінше, мұндай әдісті танымал "Симпсоны" мультсериалының тоғызыншы маусымының сегізінші сериясында полиция басшысы Виггам қолданған. Ол қылмыскерлерді қайық моторын тегін алып кету үшін шақырған. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.04  course up  582.69  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети