Ұлыбританияның батысында жойқын жарылыс болды, 30-дан аса адам жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияның батысында жойқын жарылыс болды, 30-дан аса адам жарақат алды © Lew Hopkins

Ұлыбританияның батысындағы Мерсисайд графтығында жойқын жарылыс болып, кем дегенде 15 адам жарақат алып, бір ғимарат толықтай қирады, - деп хабарлайды The Mirror. Кейінірек жергілікті жедел жәрдем қызметіндегілер зардап шеккендердің саны 32-ге жеткенін хабарлаған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияның батысындағы Мерсисайд графтығында жойқын жарылыс болып, кем дегенде 15 адам жарақат алып, бір ғимарат толықтай қирады, - деп хабарлайды The Mirror. Кейінірек жергілікті жедел жәрдем қызметіндегілер зардап шеккендердің саны 32-ге жеткенін хабарлаған.

Басылымның мәліметінше, жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 21.15-те (Астана уақыты бойынша сағат 03.15-те) болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа газдың шығып кетуі себеп болуы мүмкін. 

Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, жарылыс болған би мектебінің ғимараты толықтай бүлінген. Желіде куәгерлердің жариялаған суреттері де пайда болды.

Ал BBC News басылымы Мерсисайд графтығының өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасай отырып, жарылыс туралы мәліметтің тексеріліп жатқанын хабарлайды. Жергілікті полиция өкілдері мәлімдеме жасауға уәде берді.

Айта кетейік, Ұлыбританияда 26 наурызға қараған түні тағы бір төтенше жағдай болған еді. РИА Новости жерілікті полиция қызметіндегілерге сілтеме жасай отырып, Лондон орталығында көліктің жаяу жүргіншілерді соғып өтіп, салдарынан 4 адамның жарақат алғанын хабарлап отыр. Көлік жүргізушісі мен ондағы жолаушылар оқиға орнынан жасырынып кеткен. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети