Ұлыбританияның жоғары оқу орындары кибертыңшылар даярлауды жоспарлауда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияның жоғары оқу орындары кибертыңшылар даярлауды жоспарлауда Үкіметтік байланыс орталығы Фото: wikipedia.org

Ұлыбритания арнайы дипломы бар кибертыңшылар даярлауды ойластырып отыр. Бұған байланысты елдің үкіметтік байланыс орталығы (ҮБО) британдық алты жоғары оқу орнын талапқа сай ретінде тізімге енгізді,- деп хабарлайды BBC News.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания арнайы дипломы бар кибертыңшылар даярлауды ойластырып отыр. Бұған байланысты елдің үкіметтік байланыс орталығы (ҮБО) британдық алты жоғары оқу орнын талапқа сай ретінде тізімге енгізді,- деп хабарлайды BBC News.

Министрлер кабинетінің хатшысы Френсис Мод мәлімдеп отырғандай, киберқауіпсіздік британ экономикасы үшін аса маңызды. Оның айтуынша, кибертыңшылар Ұлыбританияны әлем бойынша онлайн бизнес үшін ең қауіпсіз ел ретінде тануға көмектеседі.

"Үкіметтік байланыс орталығының басқа мемлекеттік ведомстволармен, жеке секторлармен және ғылыми ортамен тығыз жұмыс істеуі қауіп-қатерге қарсы тұруға ықпал етеді. Біз бірігу арқылы күштірекпіз, қандайда бір мәліметтер алуда қарымдымыз" дейді Мод.

Аталмыш  кибертыңшылар даярлайтын жоғары оқу орындарының тізіміне Эдинбургск университеті, Ланкастер университеті, Оксфорд университеті және Лондон университеті еніп отыр. Сондай-ақ Крэнфилд және Суррейск оқу орындары да бұл тізімге енген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети