Ұлыбритания 47 жылдан соң Еуроодақтан ресми түрде шықты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ұлыбритания 47 жылдан соң Еуроодақтан ресми түрде шықты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Дәл 31 қаңтарда 23.00-де (1 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 05.00), үш жарым жылдан соң, британиялықтардың 51,89 пайызы Brexit үшін дауыс беріп, Біріккен Корольдік ЕО-дан шықты.
2020 жылдың желтоқсан айының соңына дейін өтпелі кезең аяқталғанша ешқандай нақты өзгерістер болмайды. Жыл бойы ЕО мен Ұлыбритания өзара болашақ қарым-қатынастары туралы келіссөздер жүргізеді. Премьер-министр Борис Джонсон еркін сауда туралы "амбициялық" келісімге қол жеткізу, сондай-ақ бірқатар салаларда, ең алдымен қауіпсіздік пен барлау саласында тығыз ынтымақтастықты сақтау туралы уағдаласу ниетін мәлімдеді.
Ал Ұлыбритания мен ЕО арасындағы келіссөздер сәтсіз болған жағдайда, елде Brexit-тің тиімсіз болжамдары орындалуы мүмкін: ДСҰ тарифтерін енгізу, бағалардың күрт өсуі, шекарадағы жүк көліктерінің кезегі, дәрі-дәрмектер мен Еуропалық өнімдердің тапшылығы. Қазіргі уақытта Ұлыбритания мен ЕО келіссөздерге дайын екені байқалады.
Құрама Корольдікке биыл өзінің жаңа иммиграциялық саясатын пысықтап, ЕО-ға кірмейтін елдермен сауда келіссөздерін бастау қажет. Үкімет бұған дейін үш жыл ішінде сауда айналымының 80 пайызы еркін сауда туралы келісіммен аяқталады деп есептейтінін хабарлаған.