13 тамыз 2021 | 17:51

Ұлыбритания ғалымдары: Күзде коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Ұлыбританиялық ғалымдар жұртшылыққа күзде коронавирус инфекциясының тағы бір толқыны болуы мүмкін екенін ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MedicalXpress басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық ғалымдар жұртшылыққа күзде коронавирус инфекциясының тағы бір толқыны болуы мүмкін екенін ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MedicalXpress басылымына сілтеме жасап.

Ғалымдарды қазір Ұлыбританияда тарап жатқан COVID-19-дың "дельта" нұсқасы алаңдатады. Олардың айтуынша, вакциналардың бұл жұқпалы нұсқаға қарсы тиімділігі төмен. Демек, егер Ұлыбритания ауруды бақылауға алғысы келсе, вакцинацияның әлдеқайда жоғары деңгейіне жетуі керек.

©REUTERS

Оксфордтағы AstraZeneca вакцинасын әзірлеуші топ директоры, профессор Эндрю Поллардтың айтуынша, "дельта" нұсқасы бұрын екпе салдырған адамдарға жұғатын болса, вакцина алмаған кез келген адам байланыста болуы мүмкін. Бұл вакцина вирустың таралуын баяулатуы мүмкін дегенді білдіреді, бірақ олар оны толық тоқтата алмайды.

"Қыркүйекте бұрын көргенімізге ұқсас өршуді көреміз, одан да жаман болмасын. Сондықтан бұл оптимизмнің бәрі қазір орынсыз", - деді ғалым.

Ғалымдардың айтуынша, жаздың басында COVID-19-дың көбеюіне қарамастан, үкімет 19 шілдеде қалған коронавирус шектеулерінің көпшілігін алып тастаған. Премьер-министр Борис Джонсон бұл сәтті "Бостандық күні" деп атады. Бұл Ұлыбританиядағы табысты вакцинация бағдарламасы адамдардың ауыр ауруға шалдығу немесе COVID-19-дан өлу ықтималдығы төмен екенін білдіреді.

Алайда зерттеушілер мәліметінше, 19 шілдеден кейін ауруға шалдыққандардың саны тәулігіне 25 мыңға жетті, бұл мамырдың басындағы көрсеткіштен 10 еседен асады. Жеті күнде коронавирустан ауруханаға түскендердің орташа саны мамырдағымен салыстырғанда шамамен сегіз есе, ал өлім саны 15 есе көп.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети