Ұлыбритания карантинді 19 шілдеден бастап алып тастайтынын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания карантинді 19 шілдеден бастап алып тастайтынын жариялады ©REUTERS

Ұлыбритания 19 шілдеде коронавирусқа байланысты барлық шектеуді алып тастаудың соңғы кезеңіне көшеді, - деп хабарлайды Daily Mail.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания 19 шілдеде коронавирусқа байланысты барлық шектеуді алып тастаудың соңғы кезеңіне көшеді, - деп хабарлайды Daily Mail.

Ұлыбритания билігі міндетті маска тағу режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережесін алып тастауға шешім қабылдады. Сонымен қатар, үкімет үйден жұмыс істеуді тоқтатып, кызметкерлерге кеңседе жұмыс істеуге рұқсат берді.

©REUTERS

Алайда премьер-министр Борис Джонсон пандемия әлі аяқталмағанын, соған байланысты абайлап әрекет ету керек екенін ескертті. Ол қоғамдық көліктерде, адам жаппай жиналатын орындарда маска тағуға шақырды. Сондай-ақ, үкімет басшысы ойын-сауық орындарының иелерінен келушілердің коронавирусқа қарсы вакцинация сертификатын тексеруді сұрады.

"Біз дүйсенбі, 19 шілдеден бастап, COVID-19 болмаған өмірге бірден орала алмаймыз", - деп түсіндірді Джонсон.

Ұлыбританиялық ғалымдардың айтуынша, елде коронавирус толқынының шыңы тамыздың ортасына дейін күтілмейді және тәулігіне 1-ден 2 мыңға дейін адам ауруханаға түсуі мүмкін. Сонымен қатар, мамандар күніне 100-200 өлім жағдайы болуы мүмкін деп болжайды. Тәулігіне жаңа науқастардың саны 100 мыңға жетуі мүмкін, бірақ билік ауруханалар мен дәрігерлер оны жеңе алатынына сенімді.

"Вакцинация "қорғанысты" құрды - бұл жазғы толқынға төтеп бере алатынымызды білдіреді", - деді Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид.

Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон пандемияға байланысты барлық шектеуді алып тастау мерзімін бір айға шегерген болатын. Ұлыбританияда карантинді жеңілдетудің соңғы кезеңі 21 маусымға жоспарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети