Ұлыбритания карантинді алып тастау мерзімін кейінге шегерді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания карантинді алып тастау мерзімін кейінге шегерді Фото: ©REUTERS

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон карантинді толық алып тастау мерзімін тағы бір айға кейінге шегерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон карантинді толық алып тастау мерзімін тағы бір айға кейінге шегерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Ұлыбританияда карантинді жеңілдету мәселесі 19 шілдеге қалдырылды.

"Менің ойымша, тағы біраз күткен дұрыс", - деді премьер-министр.

Айта кетейік, елде шектеулерді толық алып тастаудың соңғы кезеңі 21 маусымға жоспарланған еді. Алайда үкімет бұл шешімін коронавирутың үндістандық аса жұқпалы штамының таралуына байланысты кейінге шегерді.

Үндістандық B. 1.617.2 коронавирус штамы ұлыбрианиялық штамға қарағанда жұқпалы саналады. Англияның кейбір аудандарында тіркелген жаңа жағдайлардың көпшілігі үнді штамымен байланысты.

"Біз жағдайды күн сайын қадағалап отырамыз, егер инфекция жұқтырғандар саны және жаңа штамдардың таралу қаупі азаятын болса, онда шектеулерді екі апта бұрын, 5 шілдеде алып тастай аламыз", - деді премьер-министр.

Қазіргі шектеулер бойынша елде үйде жаппай іс-шара өткізуге рұқсат етілмейді, түнгі клубтардың жұмысына тыйым салынған, сондай-ақ маска тағу режимін сақтау міндеттелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети