Ұлыбритания мен Қытай арасында дипломатиялық жанжал шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания мен Қытай арасында дипломатиялық жанжал шықты Кэролайн Уилсон. Фото:twitter.com/CWilson_FCDO

Ұлыбританияның Қытайдағы елшісі Кэролайн Уилсон "орынсыз мақала" жариялағаны үшін ҚХР Сыртқы істер министрлігіне шақырту алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияның Қытайдағы елшісі Кэролайн Уилсон "орынсыз мақала" жариялағаны үшін ҚХР Сыртқы істер министрлігіне шақырту алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Каролин Уилсонның қытай тілінде жазған "Шетелдік БАҚ Қытайды жек көре ме?" мақаласы өткен аптада Бейжіңдегі Ұлыбритания елшілігінің WeChat-тағы ресми аккаунтында жарияланды. Ол материалда британиялық журналистер мен олардың Қытайдағы әріптестерінің жұмысын салыстырған. Елші сонымен бірге тәуелсіз шетелдік баспасөз үкіметтің іс-әрекетін бақылаудағы "күзетші ит" ролін атап өтті және шетелдік БАҚ-тың Қытай билігін сынауы "Қытайға деген жеккөрушіліктен" емес екенін түсіндіруге тырысты.

Мақала Қытай азаматтарының наразылығын тудырды және қатты сынға ұшырады.

Қытайдың сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде ел үкіметі мен халқы ешқашан шетелдік БАҚ-қа қарсы емес екені, керісінше баспасөз бостандығы мен сөз бостандығы ұранымен Қытай мен оны билеуші Коммунистік партияға шабуыл жасау үшін "жалған жаңалықтар" ойлап тапқандарға қарсы болғаны айтылады.

ҚХР сырты істер министрлігі департаменті өкілі Уилсонды өз міндетін қайта қарауға, мәртебесін есте сақтауға және екіжақты қатынастарды дамытуға көмектесу үшін көп күш салуға үндеді.

Ұлыбритания елшісі Қытай ведомствосының сынына жауап берді және ол өз мақаласында айтылғандарды берік ұстанатынын мәлімдеді. Twitter-дегі парақшасында мақаласына сілтемені қоса жариялады.

БАҚ Қытай-Ұлыбритания қатынастарындағы шиеленістің ошағына айналды. Өткен айда Қытай елде BBC телеарнасын таратуға тыйым салды. Бұл Қытайдың мемлекеттік CGTN телекомпаниясы Ұлыбританияда лицензиясынан айырылғаннан кейін бір аптадан соң болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети