24 желтоқсан 2021 09:56

Ұлыбритания мен Оңтүстік Африка омикрон штамын жеңіл өткеріп жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Африка Республикасы мен Ұлыбританиядан алынған бақылау деректері омикрон жеңіл өтетінін, бірақ жаңа штамм өте жұқпалы екенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.


Оңтүстік Африка Республикасы мен Ұлыбританиядан алынған бақылау деректері омикрон жеңіл өтетінін, бірақ жаңа штамм өте жұқпалы екенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Африкадағы омикрон штамын жұқтырғандарды бақылау нәтижесіне сәйкес, "дельта" штамына қарағанда ауру 70-80 пайызға жеңіл өтетіні белгілі болды. Алайда бұл деректер барлық елде бірдей емес екені айтылды. Мысалы, Оңтүстік Африка халқының орташа жасы Еуропа елдеріне қарағанда аз.

Сонымен қатар, Ұлыбританияда омикрон жұқтырғандардың стационарлық емге мұқтаждығы 15-20 пайыздан, ал ауруханада бір күннен артық болу ықтималдығы 40-45 пайыздан аз екені айтылды.

Бұрын ауырмағандарға қарағанда, коронавируспен ауырғандар ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Алайда вакцина алмаған және әлі де COVID-19-бен ауырмағандарды ауруханаға жатқызу қаупі алдыңғы штамдармен бірдей.

Дәрігерлер мен ғалымдар бұл штамның жұқпалы болуы мүмкін екенін, оның вакцинадан қорғану қабілеті әлі де медициналық жүйеге ауыртпалық салатынын ескертеді. Халық неғұрлым көп ауырса, ауруханаға түсу қаупі соғұрлым жоғары болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети