Ұлыбритания отын дағдарысына байланысты Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдетпек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания отын дағдарысына байланысты Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдетпек Фото:depositphotos.com/ coleong

Ұлыбритания АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы салдарынан туындаған жаһандық отын дағдарысына байланысты Ресейге қарсы санкцияларды жұмсартты. Британия Ресейге қарсы батыс санкцияларын кезең-кезеңімен жою ісінде АҚШ-ты қолдаған алғашқы батыс державасы болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.


Ұлыбритания АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы салдарынан туындаған жаһандық отын дағдарысына байланысты Ресейге қарсы санкцияларды жұмсартты. Британия Ресейге қарсы батыс санкцияларын кезең-кезеңімен жою ісінде АҚШ-ты қолдаған алғашқы батыс державасы болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Британ билігі үшінші елдерде ресейлік мұнайдан өндірілген дизель отыны мен авиациялық керосин импортына рұқсат берген. Сондай-ақ ресейлік екі газ жобасына – "Сахалин-2" және "Ямал СТГ"-ға қызмет көрсетуге қойылған шектеулерді алып тастаған. Енді британдық компаниялар Ресейден үшінші елдерге жеткізілетін сұйытылған газды сақтандырып, несие бере алады, сонымен қатар оларды теңіз жолымен тасымалдауға құқылы.

Лицензиялардың қолданылу мерзімі үш айды құрайды, содан кейін олар қайта қаралады. Кир Стармердің баспасөз хатшысы журналистерге бұл шаралар "нарық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қазіргі үкімет те, бұған дейінгі әкімшіліктер де қолданып келген стандартты тәжірибе" екенін айтты.

Алайда бұл шешім консерваторлар тарапынан қатаң наразылық тудырған. Торилер көшбасшысы Кеми Баденох Қауымдар палатасында премьер-министрге сауал жолдау кезінде Стармерді "ресейлік мұнайға қатысты санкциялардың күшін жойғанын жасырын түрде жариялады" деп айыптады.

Ұлыбритания билігі оппозиция мен Украина тарапынан айтылған сыннан кейін Ресейге қарсы санкциялық шектеулердің бір бөлігін жұмсарту туралы шешімі үшін кешірім сұрады. Ұлыбритания Сауда министрінің орынбасары Крис Брайант парламентте үкіметтің лицензия беру туралы шешімді "епсіздікпен" жүзеге асырғанын мәлімдеді.

Киев өкілдері бұл өзгерістің Мәскеуге соғыс қимылдарын қаржыландыруға көмектесуі мүмкін екенін ескерткеннен кейін, Лондон Ресейге қатысты жаңа санкциялық саясаты шектеулерді әлсіретпейтініне Украинаны сендіруге тырысқан.

АҚШ пен Ұлыбритания санкцияларының жеңілдеуі отын тапшылығының орнын ішінара толтырып, әлемдегі энергетикалық дағдарысты уақытша бәсеңдетеді, алайда бұдан негізгі пайданы Ресей, Қытай және Үндістан көреді деп атап өтеді әлемдік БАҚ.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бүкіл әлем бойынша ресейлік мұнайды сатып алуға салынған санкцияларды тоқтата тұрған болатын. Бұл шара 11 сәуірге дейін күшінде болды және әңгіме теңізде жолда тұрған мұнай туралы болған еді. Кейін АҚШ Қаржы министрлігі 17 сәуірге дейін кемелерге тиелген ресейлік мұнайды жеткізуге және сатуға рұқсат беретін бас лицензияның мерзімін бір айға ұзартты.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.99   547.77   6.66 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер