20 қазан 2019 | 14:02

Ұлыбритания парламенті Еуроодақ құрамынан шығу уақытын тағы созды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабар 24 Хабар 24

Ұлыбритания парламенті Еуроодақ құрамынан шығу уақытын тағы да созатын болды. Депутаттар ел премьер-министрі ұсынған келісімді қабылдамай тастады. Енді Борис Джонсон Брюссельден 31 қазанға жоспарланған брекситті кейінге қалдыруды сұрауға міндетті. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбритания парламенті Еуроодақ құрамынан шығу уақытын тағы да созатын болды. Депутаттар ел премьер-министрі ұсынған келісімді қабылдамай тастады. Енді Борис Джонсон Брюссельден 31 қазанға жоспарланған брекситті кейінге қалдыруды сұрауға міндетті. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады. 

Лондон мен Брюссель қоштасу шартын екі рет мақұлдағанымен Ұлыбритания парламенті алдыңғы үш келісімді кері қайтарып, қазіргісіне де көңілі толмай отыр. Сағызша созылған Брекситке нүкте кеше қойылуы тиіс еді. Сол үшін парламент соңғы қырық жылға жуық уақыт ішінде бірінші рет сенбі күні жұмысқа шыққан болатын.

Бейберекет Брекситті болдырмау үшін депутаттар заңға сәйкесінше өзгерістер енгізілмейінше Еуроодақпен жасалған келісімге дауыс беруге тыйым салып тастады.

"Мен бұдан әрі Еуроодақпен Брекситті кейінге қалдыра тұру туралы келіссөздер жүргізбеймін және заң мені міндеттей алмайды. Еуроодақтағы достарым мен әріптестеріме премьер-министр ретінде соңғы 88 күн бойы айтып жүрген сөздерімді қайталамақпын - кідірісті әрі қарай жалғастыру осы ел үшін, Еуроодақ үшін және демократия үшін өте жайсыз", - деді Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон.

Осы сәтте жүздеген мың британиялық Лондон көшелерімен жүріп өтті. Көпшілігі Брексит бойынша референдумды қайта өткізуді талап етті. Халық орталық аудандарды жауып, парламентке дейін жетті. Араларында Еуроодақтан шығуды жеделдетуге шақырғандар да бар.

"Өзгерейін деп жатқан ештеңе жоқ. Дәл сол жағдай тағы да қайталанады. Парламенттің келіссөздерді мақұлдайтын уақыты жетті", - дейді ереуілге шыққандардың бірі.

"Сайлауға қатысқанымызда Еуроодақтан шығамыз деп, дауыс бердік. Келісіммен немесе келісімсіз Брексит туралы сөз қозғалған жоқ", - дейді тағы бірі.

Борис Джонсон ақыр аяғында Брекситті созу туралы Еуроодаққа өтініш жолдады. Бірақ қолын қоймады. Ал оған қосымша ретінде жазған хатында кезекті кідірістің қате болатындығын мәлімдеді. Еуроодақ президенті Дональд Туск бұл ақпаратты растады. Хаттың мазмұны туралы тіс жармаған ол Еуроодақ көшбасшыларымен ақылдасатындығын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети