Ұлыбритания патшайымының қазасы жайлы ақпарат жоққа шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания патшайымының қазасы жайлы ақпарат жоққа шығарылды Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ

Букингем сарайының өкілдері Ұлыбритания патшайымы Елизавета II қаза тапты деген ақпаратты жоққа шығарды. Ал осыған дейін корольдік отбасының ресми сайтында Елизавета ІІ қайтыс болды деген хабар тарап, бірер сәттен кейін өшірілген.

Қолданушылардың бірі ресми сайтта пайда болды делінген ақпараттың скриншотын да түсіріп алған.

"Бұл жалған. Мұндай мәтіннің біздің сайтта болуы мүмкін емес. Жарияланды делінген мәтіннің скриншотын немесе сілтемесін жібере аласыз ба", - деп мәлімдепті Букингем сарайының баспасөз қызметіндегілер L!FE басылымының тілшісіне.

Айта кетейік, Ұлыбритания патшайымының қазасы жайлы қауесет әлі де тарап жатыр. Отқа майды патшайымның дәстүрлі рождество құдайға құлшылық етуге қатыспағаны құйды. Сол кезде баспасөз қызметінің өкілдері патшайымның хал-күйі нашар болып тұрғанымен байланыстырған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети