Ұлыбритания премьер-министрі отставкаға кетеді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания премьер-министрі отставкаға кетеді - БАҚ Фото ©REUTERS

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон он шақты министр отставкаға кеткеннен кейін қызметінен кететін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон он шақты министр отставкаға кеткеннен кейін қызметінен кететін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider сайтына сілтеме жасап.

Тори партиясының он шақты парламент мүшесі, оның ішінде бұрынғы канцлер Риши Сунак пен денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид үкіметтен шыққаннан кейін Джонсонның отставкаға кететіні хабарланды.

Басылым мәліметінше, Джонсон Консерватив партияның жетекшісі қызметінен кетеді, бірақ "партиялық конференцияға жаңа көшбасшы тағайындалғанға дейін премьер-министр болып қала береді".

Инсайдерлердің айтуынша, премьер алдағы сағаттарда қызметінен кететінін жариялайды және халыққа үндеу жасайды. 

"Бір дереккөз Даунинг-стриттегі кейбіреулер отставкаға кету туралы мәлімдеме дайындап жатыр деп мәлімдеді, бірақ премьер-министр оны оқи ма, жоқ па, белгісіз, басқалары Борис Джонсон қызметінен кетпейтініне сенімді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети