13 сәуір 2014 18:05

Ұлыбритания Ресейді тәртіпке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уильям Хейг. ©REUTERS Уильям Хейг. ©REUTERS

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Уильям Хейг Ресейді Украинаны тұрақсыздандыруды тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Slon.ru. Осындай мазмұндағы мәлімдемесін министр Twitter-де жариялады.


Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Уильям Хейг Ресейді Украинаны тұрақсыздандыруды тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Slon.ru. Осындай мазмұндағы мәлімдемесін министр Twitter-де жариялады.

Хейг Ресейдің әрекеттері қалыптасқан ахуал жөнінде топтық келіссөздер жүргізу мүмкіндігінен айырып отырғанын айтты. Оның мәліметінше, Еуропаның Сыртқы істер министрлері 14 сәуірде Люксембургте Украина бойынша кезектен тыс кеңес өткізгелі отыр. Онда Еуропаның бұл ахуалға қатысты нақты ұстанымы жасалады.

Еске салайық, қазір Украинаның Донецк облысының Славянск қаласында халықтық өзін-өзі қорғау жауынгерлеріне қарсы күш қолдану операциясы өтіп жатыр. Бұған өңірдегі бірнеше қаланы федерализацияны жақтаушы белсенділердің басып алғаны хабарланған еді. Атап айтқанда, қаруланған адамдар Славянск, Краматорск, Қызыл Лиман, Енакиево, Мариуполь қалаларында әкімшілік ғимараттарды басып алуды жалғастырып жатыр. Басып алынған ғимараттардың төбесінен Ресейдің туы желбірей бастады.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети