Ұлыбритания Ресейге "бұрын-соңды болмаған санкция" салатынын жариялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания Ресейге "бұрын-соңды болмаған санкция" салатынын жариялады Фото ©РИА Новости

Ұлыбритания президенті Батыс Ресейге бұрын-соңды болмаған санкция салатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания президенті Батыс Ресейге бұрын-соңды болмаған санкция салатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлыбритания сыртқы істер министрінің орынбасары Джеймс Клеверли жаңа санкциялардың кейбірі бүгін, 24 ақпанда жарияланып, жүзеге асырылатынын айтты.

"Халықаралық достарымыз және одақтастарымызбен ынтымақтаса отырып, негізсіз шешімді жазалау үшін бұрын-соңды болмаған санкциялық жауап береміз. Бұл Ресей бұрын-соңды көрмеген ең ауқымды және ең қатал санкция болады", - деді ұлыбританиялық шенеунік.

Клеверли Лондонның Украинаға қорғаныстық қару-жарақ жеткізу түрінде әскери көмек көрсетуді жалғастыратынын айтты.

"Путиннің Украинаға жасаған шабуылы негізсіз. Біз мұны барынша қатаң түрде айыптаймыз. Ұлыбритания бұл агрессия актісіне жауап беру үшін халықаралық серіктестермен жұмыс істейді", - деп түйіндеді министр.

Айта кетейік, 23 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция өтетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол Ресейдің жоспарында Украинаға шабуыл жасау мақсаты жоқтығын айтты. Осы уақытта CNN тілшісі Киевте тікелей эфир кезінде бірнеше жарылыс дыбысын естігенін айтты.

Бұған дейін Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастағаны хабарланған болатын. Жергілікті тұрғындар да Ресей мен Украина шекарасындағы бірқатар қалада жарылыс болғанын айтты.

Кейін Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді.

Украинадағы қазақстандықтар эвакуацияланады - СІМ

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети