Ұлыбритания Украинаға қосымша қаржылай көмек пакетін бөледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания Украинаға қосымша қаржылай көмек пакетін бөледі Фото: regnum.ru

Ұлыбритания билігі Украинаға 1,3 миллиард фунт (1,6 миллиард доллар) мөлшерінде қосымша қаржылай көмек пакетін бөледі. Бұл туралы Ұлыбританияның қаржы министрі Риши Сунак мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания билігі Украинаға 1,3 миллиард фунт (1,6 миллиард доллар) мөлшерінде қосымша қаржылай көмек пакетін бөледі. Бұл туралы Ұлыбританияның қаржы министрі Риши Сунак мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сунак корольдік "қақтығыс тоқтауы" үшін Украинаға экономикалық, гуманитарлық және қорғаныс бойынша көмек көрсетіп жатқанын айтты.

"Украина халқын қолдай береміз және бұл 1,3 миллиард фунт стерлинг оларға қажетті әскери және жедел көмек көрсетуді жалғастыратынымызға кепілдік", - деп келтіреді министрдің сөзін Telegraph.

Басылым мәліметінше, қаражат Ұлыбритания резервтерінен бөлінеді. Бұл көмек пакетіне Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мәлімдеген 300 миллион фунт әскери көмек те кіреді. Джонсон өндірісті ұлғайту мәселесін талқылау үшін қару-жарақ компаниясы өкілдерімен кездеседі.

Бұған дейін Франция қорғаныс министрі Флоренс Парли Париж Украинаға бөлген 100 миллион еуро көлеміндегі әскери көмекке қосымша тағы да әскери техника беретінін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети