Ұлыбританияда пойыз машинисі тізбекті шатастырып, жүздеген жолаушыны басқа қалаға алып кетті, - деп хабарлайды Daily Mirror.
Ұлыбританияда пойыз машинисі тізбекті шатастырып, жүздеген жолаушыны басқа қалаға алып кетті, - деп хабарлайды Daily Mirror.
Лондоннан 446 шақырым қашықтықтағы Ньюкасл-апон-Тайн қаласынан шыққан пойыз Англияның солтүстігінде орналасқан. Негізінде ол солтүстіктен оңтүстікке қарай жүруі керек болған, яғни соңында Лондоннан 60 шақырым жердегі Рединг қаласына баруы тиіс еді. Алайда Донкастердегі оқиғаға байланысты ол айналма жолға түскен. Белгісіз себеппен ол дұрыс бұрылмай, оңтүсікке емес, батысқа кеткен. Машинист қателескенін тек Уэст-Йоркшир графтығындағы Понтефракт қалашығына келгенде байқаған.
"Мен қазір жоғалып кеткен пойыздың ішіндемін, шамамен Понтефракттамыз, - деп жазды жолаушылардың бірі Twitter желісінде. - Машинист дұрыс жолды таңдамағаны үшін біз осында тұрып қалдық. Мұндай болады деп кім ойлаған?". Жолаушы қыздың айтуынша, осы мәселенің шешілгенін жүзден аса жолаушы күтіп отыр екен.
Понтефракт қалашығында пойыз кері айналып, жолайрыққа қайтып келіп, тағы шатасқан. Шамамен осыған бір сағат кеткен. Саут-Йоркшир графтығындағы Шеффилд қаласында жолаушыларды түсіріп кеткен. Олар Бирмингемге дейін жетіп алуға мүмкіндік алды. Бирмингемнен Редингке басқа пойызбен 1 сағат 40 минутта жетіп алуға болады.
Сәуірде Ұлыбритания тұрғыны темір жол билетінің тым қымбат болуына байланысты бір бағытта билет құнына көлік сатып алғаны хабарланды. Ол Бристоль қаласынан Лондонға дейін жол ақысы 218 фунт тұратынын, ал бұрындары жүргізілген Honda Civic көлігі сақтандырумен бірге небәрі 206 фунт тұратынын анықтаған.