05 қараша 2014 | 16:24

Ұлыбританияда жыныстық қатынасты 13 жастан бастау қалыпты жағдай саналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ұлыбританияның білім беру департаменті 13 жастан бастап жыныстық қатынасқа түсуді қалыпты жағдай деп санайды, - деп хабарлайды The Telegraph.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританияның білім беру департаменті 13 жастан бастап жыныстық қатынасқа түсуді қалыпты жағдай деп санайды, - деп хабарлайды The Telegraph.

13 жастан бастап өз еркімен жыныстық қатынасқа түсу - қалыпты жағдай екендігі жайлы ұсынысты ұлттық қайырымдылық қоры жасап шығарды. Бұл ұсыныс жергілікті білім беру департаментінің қолдауына ие болған жоспардың бір бөлігі екен.

Бұл кеңестер британ мектептерінде жыныстық тәрбие сабақтарында қолданылуы мүмкін. Кеңестерде жасөспірім жасына жеткенде жыныстық қатынасқан түсу қауіпсіз және өсу кезіндегі салауатты кезең екені жазылыпты. 

Сонымен бірге, жоспарда 13-тен 17 жасқа дейінгі балалар үшін қалыпты жүріс-тұрыстың қатарына "порнографияға қызығушылық, жыныстық қатынас тақырыбын ашық талқылау, Интернетті онлайн-чаттар үшін және түрлі жыныстағы серігімен жыныстық қатынасқа шақыруға қолдану" жататыны айтылған.

Family Education Trust басқармасының өкілі Сара Картер мұндай кеңестерді сынады. Ол білім беру мәселесі бойынша арнайы комитетке 13 жастан бастап жыныстық қатынасқа түсудің қалыпты жағдай делінген мұндай кеңестер заңсыз деп мәлімдеді. Картердің айтуынша, заң бойынша жасөспірім ең болмағанда 16 жасқа толуы керек. Бірақ білім беру департаменті өкілдері бұл кеңестерді сабақтарда қолдану жоспарланбағанын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети