Ұлыбританияда коронавирустың тағы бір мутациясы анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Ұлыбританияда ерекше ген комбинациясы бар коронавирустың жаңа "үш есе мутациясы" табылды, - деп хабарлайды Daily Mail.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританияда ерекше ген комбинациясы бар коронавирустың жаңа "үш есе мутациясы" табылды, - деп хабарлайды Daily Mail.

Йоркширдегі вирусолог мамандар коронавирустың жаңа түріне VUI-21MAY-01 немесе AV.1 деп аталатын гендердің ерекше комбинациясы тән екенін айтты.

Бүгінде елде жаңа штамды жұқтырған 49 жағдай анықталған. Олар негізінен Йоркшир мен Хамберде. Бірақ оның вирустың басқа түрлеріне қарағанда тез тарайтыны немесе вакциналарға иммунитеті туралы ешқандай дәлел жоқ. Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі қазіргі уақытта жаңа мутацияның таралуын зерттеп жатыр.

Ғалымдардың айтуынша, вирустың таралуын өлшейтін R көрсеткіші қазір 0,9-дан 1,1-ге дейін көтерілген. Өткен аптада ол 0,8 болған. Ұлыбритания билігі коронавирус инфекциясының кез келген мутациясының таралуын болдырмауға көмектесетін қатаң шаралар қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Шеффилдтегі Қоғамдық денсаулық сақтау директоры Грег Фелл VUI-21MAY-01-ді әріптестерімен бірге бақылап отырғанын, сондай-ақ штамның таралу жылдамдығы туралы мәлімет жоқ екенін айтты.

Айта кетейік, Ұлыбританияда пандемия кезінде СOVID-19-дың бірнеше нұсқасы анықталған. B. 1.1.7 деп аталатын "ұлыбританиялық" штамм былтыр табылды. Коронавирустың бұл штамы бұрынғыға қарағанда 64 пайызға қауіпті екені айтылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro