19 ақпан 2018 11:11

Ұлыбританиялық азамат бақшасынан акула тауып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© anapacity.com © anapacity.com

Ұлыбританияның Кент графтығының тұрғыны өз бақшасынан мысықкөз акула тауып алды, - деп хабарлайды The Sun.


Ұлыбританияның Кент графтығының тұрғыны өз бақшасынан мысықкөз акула тауып алды, - деп хабарлайды The Sun.

Джеймс Хиллдың айтуынша, ол ас бөлмесінде кофе дайындап жатқан кезде әкесі келіп ауладағы бақшада мысықкөз акуланың жатқанын айтқан. Акуланың осында қалай тап болғанына себеп іздеген олар шағала мен суқұзғындар әкеліп тастауы мүмкін деген ойға келген. Құс өз жемтігін ұстай алмай, құлатып алған көрінеді. 

Ер адамның айтуынша, балықтың ұзындығы - 60 сантиметр, алайда оны тапқан кезде өлі болған. 

Мысықкөз акулалар адамға қауіп төндірмейді. Олар тек Атлант мұхитында, Жерорта, Мәрмәр және Қара теңізде өмір сүреді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети