24 маусым 2016 | 10:21

Ұлыбританиялықтар Еуропалық Одақтың құрамында қалуға қатысты таңдау жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялықтардың 52 пайызы Еуропалық одақтың құрамында қалуды қолдаса, қалған 48 пайызы одақтан шығуды қалайды. Мұны Ұлыбританияның Еуропалық Одақта мүше болуына қатысты жабық сайлау учаскелерінің референдумынан кейін жарияланған YouGov сауаланамасының нәтижесі көрсетті, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялықтардың 52 пайызы Еуропалық одақтың құрамында қалуды қолдаса, қалған 48 пайызы одақтан шығуды қалайды. Мұны Ұлыбританияның Еуропалық Одақта мүше болуына қатысты жабық сайлау учаскелерінің референдумынан кейін жарияланған YouGov сауаланамасының нәтижесі көрсетті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, бұл сауалнама бейсенбі күні жүргізілген және ол exit poll сауалнамасының баламасы екен.

Сонымен қатар, Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон Еуропалық Одақтағы бірлікті сақтауды қолдаған барлық адамға алғысын айтты. "Британияны мықты, қауіпсіз және Еуропадағы ең күшті елдердің бірі етіп сақтап қалуға дауыс бергендеріңіз үшін әрқайсыңызға алғысымды білдіремін", - деп жазды Кэмерон өзінің Twitter парақшасында.

Өз кезегінде бизнес ісі жөніндегі министр, лейборис Чукка Умунна компанияның елдегі бірлікті сақтап қалатынына сенім білдірді.

Еске салайық, 23 маусымда Ұлыбританияда Еуропалық Одаққа мүше болуға байланысты референдум өткен еді. Онда Ұлыбританиялықтарға мынандай сұрақ қойылған болатын: "Біріккен Корольдік Еуропалық Одақтың құрамында қалу керек пе әлде шығу керек пе?".

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети