23 мамыр 2017 | 09:34

Ұлыбританияның "Манчестер Арена" стадионында екі жарылыс болды: 20 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ұлыбританиялық БАҚ-тар куәгерлерге сілтеме жасай отырып, "Манчестер Арена" стадионында екі жарылыстың болғанын хабарлады, - деп жазады РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық БАҚ-тар куәгерлерге сілтеме жасай отырып, "Манчестер Арена" стадионында екі жарылыстың болғанын хабарлады, - деп жазады РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Манчестер полициясы алаңда жарылыстың болғанын және онда зардап шеккендер мен қаза тапқандардың бар екенін растады. 

Ал кейбір БАҚ өкілдері Twitter желісіндегі қолданушыларға сілтеме жасай отырып, бұл оқиғаның әнші Ариана Гранденің концертінде болғанын айтады. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің мәліметінше, әнші зардап шеккен жоқ.


© nbcnews.com

Сондай-ақ, Reuters агенттігі америкалық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып,  "Манчестер Арена"алаңындағы жарылысты лаңкес-өлімшінің ұйымдастыруы мүмкін екенін хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, жарылыстан кем дегенде 20 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары бұл оқиғаны теракт деп санайтынын мәлімдеді. Ал премьер-министр Тереза Мэй полицияның қайғылы жағдайды тергеуге барын салатынын айтты.

Алдын ала мәлімет бойынша, 22 мамырда болған жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің ішінде Қазақстан азаматы жоқ. ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақовтың айтуынша, стадионда өткен концертте 6 қазақстандық студент болған. Сондай-ақ, қазақстандықтардың зардап шекпегенін және олардың оқиға орнынан үйлеріне жеткізілгенін айтып өтті ол.  

СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Лондондағы Қазақстан елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен үнемі байланыста.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети