24 маусым 2016 14:06

Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон отставкаға кететінін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дэвид Кэмерон © REUTERS Дэвид Кэмерон © REUTERS

Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон референдумның қорытындысына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды BBC News.


Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон референдумның қорытындысына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды BBC News.

Референдумның нәтижелері шыққан соң, Кэмерон елге жаңа көшбасшылардың келуі қажет екенін айта отырып, үш айдан соң отставкаға кететінін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол референдумның қорытындысы британдардың өміріне өзгерістер әкелмейтінін де атап өтті.

Айта кетейік, Кэмерон Ұлыбританияның Еуроодақтың құрамында қалуын қолдаған болатын. Оның айтуынша, егер британдықтар елдің Еуроодақтан шығуына дауыс берсе, Еуропаға қауіп төнуі мүмкін. Ал Guardian басылымында жазған мақаласында Кэмерон елдің Еуроодақтың құрамынан шығуы британдықтардың жалақасына және жалпы бағаға әсер ететінін айтқан еді.

Сонымен қатар, премьер-министр Еуроодақ арқылы иммигрантардың жәрдемақысын қысқартып, осы мәселені шешкенін айтты.

382 округтағы дауыс берушілердің нәтижесі бойынша Еуроодақтан шығып кетуге 17 410 742 (51,9 пайыз) адам дауыс берсе, 16 141 241 адам (48,1 пайыз) Еуроодақта қалуға дауыс берген.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети