Жапонияның Хиросима қаласы. ©REUTERS
Үндістанда мектептерге арналған тарих пәні оқулықтарында өрескел қателік кеткен деп хабарлайды Tengrinews.kz The Times of India басылымына сілтеме жасап. Оқулық авторлары Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде "Жапония атом бомбасын АҚШ-тың аумағына тастады" деген мәлімет жазыпты. Мұндай қателік Гуджарат штатындағы 50 мыңнан астам оқушыға арналған оқулықтардан табылды. 1945 жылы 6 тамызда Америка Жапонияның Хиросима қаласына, 9 тамызда Нагасакиге бомба тастаған болатын. Мұны үнді ғалымдарының өзі жөнді білмейтін сыңайлы. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жергілікті авторлар Үндістан тарихына қатысты да қателіктер жіберген. Айталық, кітапта 1947 жылы Үндістан мен Пәкістан бөлінген кезде "Ислам Исламабады" деген мемлекет пайда болды деп жазылған, шын мәнінде, мұндай атау болған жоқ. Оқулықтарда Махатма Гандидің қайтыс болған күні де қате көрсетілген. Журналистер үнді тарихына арналған мектеп оқулығынан барлығы 58 қате мәлімет пен 100 емле қатесін тапқан. Гуджарат штаты білім басқармасының төрағасы Нитин Петани оқулықтардағы өрескел қателіктерді түзеуге уәде берді. "Әзірше кітаптарды қайтарып алу мүмкін емес. Біз барлық қатені анықтап, ғаламторда жариялайтын боламыз. Бұл қателіктердің бәрін түзейтінімізді айтып сендіргім келеді", - дейді Петани.
Үндістанда мектептерге арналған тарих пәні оқулықтарында өрескел қателік кеткен деп хабарлайды Tengrinews.kz The Times of India басылымына сілтеме жасап.
Оқулық авторлары Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде "Жапония атом бомбасын АҚШ-тың аумағына тастады" деген мәлімет жазыпты. Мұндай қателік Гуджарат штатындағы 50 мыңнан астам оқушыға арналған оқулықтардан табылды. 1945 жылы 6 тамызда Америка Жапонияның Хиросима қаласына, 9 тамызда Нагасакиге бомба тастаған болатын. Мұны үнді ғалымдарының өзі жөнді білмейтін сыңайлы.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жергілікті авторлар Үндістан тарихына қатысты да қателіктер жіберген. Айталық, кітапта 1947 жылы Үндістан мен Пәкістан бөлінген кезде "Ислам Исламабады" деген мемлекет пайда болды деп жазылған, шын мәнінде, мұндай атау болған жоқ. Оқулықтарда Махатма Гандидің қайтыс болған күні де қате көрсетілген. Журналистер үнді тарихына арналған мектеп оқулығынан барлығы 58 қате мәлімет пен 100 емле қатесін тапқан.
Гуджарат штаты білім басқармасының төрағасы Нитин Петани оқулықтардағы өрескел қателіктерді түзеуге уәде берді. "Әзірше кітаптарды қайтарып алу мүмкін емес. Біз барлық қатені анықтап, ғаламторда жариялайтын боламыз. Бұл қателіктердің бәрін түзейтінімізді айтып сендіргім келеді", - дейді Петани.