Үнді мұхитында 13 жастағы серфингшіні акула жеп қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үнді мұхитында 13 жастағы серфингшіні акула жеп қойды

Реюньон аралындағы Үнді мұхитының жағалауында 13 жастағы француз серфингисін акула жеп қойды, - деп хабарлайды The Daily Mirror.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Реюньон аралындағы Үнді мұхитының жағалауында 13 жастағы француз серфингисін акула жеп қойды, - деп хабарлайды The Daily Mirror.

Элио Канестри есімді жасөспірім аралдың батысындағы суға түсуге тиым салынған жерде жүзіп жүрген. Акула оған жағалаудан 15 метр қашықтықта шабуыл жасады. Басылымның хабарлауынша, акула серфингшінің қолын, аяғы мен ішінің бір бөлігін жұлып алғаннан кейін оның денесін мұхитқа алып кеткен. 

Басылымның мәліметінше, аралдағы жағалаулардың көп бөлігінде акула шабуылы қаупінен жүзуге тиым салынған. Мұндай шешім 2013 жылы 15 жастағы қыздың өлімінен кейін қабылданған. Соңғы төрт жылда акулалар адамдарға 16 рет шабуыл жасап, олардың жетеуі қайтыс болды. 

Айта кетейік, бұған дейін акуланың шабуылына Мысырда неміс турист ұшыраған еді. Оқиға Қызыл теңіздің Эль-Кусейр жағалауында болды. Жыртқыш балық туристің аяғын жеп қойған. Жарақат алған жігіт ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети