Үндістанда 54 жастағы әйел көңіл қосқысы келмеген күйеуін ұрып өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда 54 жастағы әйел көңіл қосқысы келмеген күйеуін ұрып өлтірген © indiatimes.com

Үндістанда сот Ахмедабад қаласының тұрғынын күйеуін өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап. Күйеуі өз әйелімен көңіл қосқысы келмеген.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда сот Ахмедабад қаласының тұрғынын күйеуін өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап. Күйеуі өз әйелімен көңіл қосқысы келмеген.

Оқиға 2013 жылдың 2 қарашасында болған. Вимла Вагхела мен оның күйеуі Нарсинх үйде жалғыз қалыпты. Нарсинхтың интимнан бас тартуы әйелді ашуландырған - ол күйеуінің адал емес екенін айтады. Жанжал кезінде әйел күйеуін таяқпен бірнеше мәрте ұрып, салдарынан ер адам қайтыс болған.

Осыдан кейін әйел полицияға барып, күйеуінің өлімі туралы хабарлайды, алайда оны кімнің өзінің өлтіргенін айтпайды. Уақыт өте келе полиция істің мән-жайын анықтап, оған айып тағады.

БАҚ-тардың мәліметінше, 54 жастағы Вагхела өмір бойына бас бостандығынан айырыла отырып, шамамен екі мың рупи (30 доллар) айыппұл арқалады. Ал егер ол айыппұлды төлемесе жаза мерзімі тағы алты айға созылады екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети