Үндістанда аптап ыстықтан 500 адам көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда аптап ыстықтан 500 адам көз жұмды © ntv.ru

Ауа температурасының тым қатты жоғарылауы салдарынан Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш пен Телангана штаттарында соңғы төрт күннің ішінде 500 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа температурасының тым қатты жоғарылауы салдарынан Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш пен Телангана штаттарында соңғы төрт күннің ішінде 500 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 24 мамырдағы жағдай бойынша, қатты ыстықтан бұл елдің оңтүстігінде 165 адам көз жұмды, олардың басым бөлігі - қара жұмысшылар. Ең жоғары ауа температурасы Андхра-Прадеш штатындағы Мачилипатнам мен Туни қалаларында тіркелді - 47 градус. Метеорологтардың мәліметінше, таяуда ауа температурасы одан әрі жоғарылайды. Ыстықтан зардап шегіп отырған штаттардың билігі адамдарды сақ болуға шақырып, көшеге шықпауға тырысуды ескертіп жатыр. Жағдайды көпшілік аудандағы су тапшылығы қиындатып отыр.

Бұған дейін БАҚ қатты ыстықтан 150 адамның қаза болғаны туралы хабарлады, кейін олардың саны 335-ке жеткені мәлім болды. Айта кетейік, Үндістанның бірқатар аймағы үшін бұл уақытта ауа температурасының 40 градустан асуы қалыпты жағдай, кей жерлерде наурыздан маусымға дейін құрғақшылық маусымы болып, кейін жаңбырлы маусыммен алмасады. Ең құрғақ әрі ыстық кезең - сәуір мен мамыр аралығында. Бұған дейін рекордты жоғары ауа температурасы 1947 жылы тіркелген. Ол кезде ауа температурасы 47,2 градусқа дейін жетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети