Үндістанда жойқын жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда жойқын жер сілкінісі болды © news.rambler.ru

Үндістанның солтүстік-шығысында 5,7 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Бангладештің шекарасынан басталған, - деп хабарлайды Вести.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанның солтүстік-шығысында 5,7 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Бангладештің шекарасынан басталған, - деп хабарлайды Вести.ru.

Табиғат апаты елде жүздеген құрылысты қиратып, аймақта лай көшкіндерінің жүруіне себеп болған. Елдің Ұлттық сейсмология орталығы жер дүмпуінің эпицентрі Трипура штатындағы Дхалай аймағында, 28 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады. 

Баслымның мәліметінше, жер дүмпулері Үндістанның солтүстік-шығысы және Бангладешпен шекаралас аймақтарда сезілген. Штаттағы жүздеген үйдің қабырғалары құлаған немесе бүлінген. Жер дүмпуі кезінде адамдар үйлері мен жұмыс орындарынан далаға қашып шыққан. Бірнеше аймақта лай көшкіні жүрген. Адам шығыны туралы әзірше хабар жоқ. Қазіргі кезде жергілікті билік келген шығынды есептеп жатыр. 

Әлемдегі ең қауіпті алты сейсмикалық белдеудің бірі Үндістанның солтүстік-шығысындағы таулы аймақты кесіп өтеді екен. Дәл осы тұста бұрындары да өте күшті жер дүмпулері болған.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети