Үндістан аумағына ғарыш қоқыстары құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістан аумағына ғарыш қоқыстары құлады Видеодан алынған кадр

Үндістанның батысындағы ауылдық жерлерге ғарыш қоқыстары құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Space News сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанның батысындағы ауылдық жерлерге ғарыш қоқыстары құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Space News сайтына сілтеме жасап.

The Indian Express ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Құлаған заттардың барлығы 15 шақырым жерден табылды, олардың арасында салмағы бес келі тартатын қара металл шар бар. 

Портал мәліметінше, бұл сол күні атмосфераға ұшқан Қытай зымыранының бөліктері болуы мүмкін, себебі оқиға уақыты бойынша сәйкес келеді. Жергілікті билік те, Үндістанның ғарыштық зерттеулер ұйымы да (ISRO) әзірге заттың не екенін анықтаған жоқ.

Алайда Гарвард-Смитсон астрофизика орталығының ғарыш бақылаушысы Джонатан Макдауэлл қоқыс 12 мамырда атмосфераға енген Long March 3B Қытай зымыранының үшінші сатысының бөлігі болуы мүмкін деп мәлімдеді. Зымыран қыркүйекте қытайлық ZX-9B байланыс спутнигімен бірге ұшқан. 

"Біз CZ-3B Y86 таңертең атмосфераға енгенін білеміз. Дәл қай жерде екенін білмесек те, оның болжамды жолы Гуджараттан сол уақытта өтті. Басқа үлкен нысандар атмосфераға кірмеді. Сондықтан мен бұл қоқыс CZ-3B Y86-мен сәйкес деп санаймын", - деді Макдауэлл Twitter-де.

Қоқыстар Қытай зымыранының бөліктері екені расталса, бұл екі айдан аз уақыт ішіндегі осындай екінші жағдай болмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети