05 қазан 2014 | 14:54

Үндістан "Ислам мемлекеті" қатарына қосылған жастарға кешірім бермек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанның құқық қорғау органдары "Ислам мемлекеті" тобына қосылған жастар отанына оралған жағдайда оларды тұтқындамауды ұсынып отыр, - деп хабарлайды The Times of India. Сондай-ақ бұл елдің Ішкі істер министрлігі содырлар қатарына қосылған жастар отанына оралатын болса кешірім беруді қарастыруда. 


Иконка комментария блок соц сети

Үндістанның құқық қорғау органдары "Ислам мемлекеті" тобына қосылған жастар отанына оралған жағдайда оларды тұтқындамауды ұсынып отыр, - деп хабарлайды The Times of India. Сондай-ақ бұл елдің Ішкі істер министрлігі содырлар қатарына қосылған жастар отанына оралатын болса кешірім беруді қарастыруда. 

Мұндай қадамға баруды құқық қорғау органдары - "Ислам мемлекеті" тобына қосылған жастар үйіне қайту туралы ойынан айнып қалмасын деп әрі қамауға алынамыз деп қорықпасы үшін, олардың ата-анасы полицияға хабарламасын деп түсіндіріп отыр. "Егер бұл жағдайды заң тұрғысында қарайтын болсақ, онда бұл жастар Үндістанда заңға қайшы әрекет жасаған жоқ. Оларға отанына қайтуға мүмкіндік беріп, олардың бақылауға алып, кешірім берсек ақылға қонымды болмайды ма? Мүмкін, олар үшін де бұл тиімді шешім шығар. Дегенмен бұл сауал әлі де қарастырылып жатыр", - дейді ІІМ-нің лауазымды шенеунігі.

Айта кетейік, басшылардың мәліметі бойынша, Ирактағы "Ислам мемлекеті" содырларынан қатарында Үндістанның 20-ға жуық азаматы соғысып жатыр. Содырлардың қатарындағы Ариф Маджид есімді азаматтың туысқандары жуырда елдің ІІМ басшысы Раджнат Сингхпен кездесіп, одан жастар арасында радикализация процесін жүргізіп жатқан адамдарды жазалауын сұраған. Министр болса БАҚ өкілдері қауіпті екі есе көбейтіп жеткізетінін айтқан. Оның айтуына қарағанда, Үндістандағы мұсылмандардың басым көпшілігі "Ислам мемлекеті" тобын қолдамай, бұл жасаққа қосылмайды екен.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети