17 маусым 2020 09:48

Үндістан мен Қытай арасындағы әскери қақтығыстан ондаған адам қаза болды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістан армиясы Ладакхқа бармас бұрын транзит аумағында дем алып жатыр. Фото: ©REUTERS Үндістан армиясы Ладакхқа бармас бұрын транзит аумағында дем алып жатыр. Фото: ©REUTERS

Ладакхтағы Галван аңғарының аумағында Үндістан мен Қытай әскерлерінің қақтығысы салдарынан қайтыс болғандар мен жарақат алғандар көп. Бұл туралы Үндістан армиясының мәлімдемесі мен дереккөзге сілтеме жасап ANI агенттігі жазады, - деп хабарлайды РИА Новости


Ладакхтағы Галван аңғарының аумағында Үндістан мен Қытай әскерлерінің қақтығысы салдарынан қайтыс болғандар мен жарақат алғандар көп. Бұл туралы Үндістан армиясының мәлімдемесі мен дереккөзге сілтеме жасап ANI агенттігі жазады, - деп хабарлайды РИА Новости

Қақтығыс 16 маусымға қараған түні Үндістан-Қытай шекарасының орнын басатын бақылау сызығында болған. Бұл жерде 45 жылдан бері бірінші рет әскер қайтыс болды.

16 маусым кешке Үндістан мен Қытай бақылау сызығында қарулы күштері бір-біріне қарсылық білдірген.

"Борышын өтеп жатқан үндістандық 17 әскер қақтығыс кезінде қатты жарақат алған. Таулы аймақтағы ауа қысымы мен алған жарақаты салдарынан қайтыс болғандар саны 20-ға жетті. Үндістан армиясы территориялық бөлінісін және елдің егемендігін қорғайды", - делінген Үндістан армиясының мәлімдемесінде.

Қақтығыстан кейін ҚХР СІМ ресми өкілі Чжао Лицзянь Қытай қарсылық білдіргенін және шекарадағы жағдайға байланысты Үндістанға дәлелдерді ұсынғанын мәлімдеді. Бейжің тарапы Үндістан әскерилері келісімді бұзып, шекарадан өткен және қытайлық әскерлерге шабуыл жасап, қақтығыс туғызғанын хабарлады. Ал Үндістан СІМ қақтығыс қытайлық әскерлердің Галван аңғарындағы бақылау сызығын сақтауды біржақты өзгерткісі келгені үшін қақтығыс шықты деп хабарлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети