Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтатуға келісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтатуға келісті Фото:depositphotos.com

Үндістан мен Пәкістанның лауазымды тұлғалары атысты толық және дереу тоқтату туралы келісімді растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Dawn басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістан мен Пәкістанның лауазымды тұлғалары атысты толық және дереу тоқтату туралы келісімді растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Dawn басылымына сілтеме жасап.

X желісінде Пәкістанның сыртқы істер министрі Исхак Дар былай деді:

"Пәкістан мен Үндістан атысты шұғыл тоқтатуға келісті. Пәкістан әрқашан аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ұмтылды", - деп жазды ол.

Үндістанның сыртқы істер министрі Викрам Мисри екі елдің әскери операцияларының басшылары келіссөз жүргізіп, ұрыс қимылдарын тоқтатуға келіскенін хабарлады.

Премьер-министр Шахбаз Шариф АҚШ президенті Дональд Трампқа Пәкістан мен Үндістанға бейбітшілікке қол жеткізуге көмектескен көшбасшылығы мен белсенді рөлі үшін алғыс айтты.

Еске салайық, бұған дейін Үндістан мен Пәкістан соғыс алдында тұрғаны хабарланды. Пәкістанға жасалған алғашқы зымыран соққысынан кейін екі тарап та бейбіт тұрғындар арасынан құрбандар барын хабарлады. Дели жаңа шабуылдар жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді, ал Исламабад оларға жауап беруге уәде етті.

Кейінірек Үндістан мен Пәкістан шекарада қарқынды соққы жасап жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети