Үндістан мен Пәкістан шекарада қарқынды соққы жасап жатыр. Пәкістанға жасалған алғашқы зымыран соққысынан кейін екі тарап та бейбіт тұрғындар арасынан құрбандар барын хабарлады. Дели жаңа шабуылдар жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді, ал Исламабад оларға жауап беруге уәде етті. Бұл туралы CNN, Reuters жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кашмирдегі қарқынды атыс кезінде Үндістан тарапынан 13 бейбіт тұрғын қаза тауып, 43 адам жарақат алған, Пәкістан тарапынан шамамен алты адам қаза тапқан.
"Синдур" операциясы
Үндістан сәрсенбіде Пәкістан мен Кашмир қаласына зымыран соққысын жасады. Исламабад та жауап қайтаруға уәде беріп, "бес ұшақты атып түсірдік" деп мәлімдеді.
Үндістан тарапының мәліметінше, тоғыз "террористік инфрақұрылым" нысанына соққы жасалған. Бұл шабуыл салдарынан өткен айда Үндістанның Кашмир қаласында 25 турист және бір жергілікті тұрғын қаза тапқан.
Үндістанның соққысынан кейін Пәкістанның әскери өкілі шамамен 31 азамат қаза тауып, 46-сы жарақат алғанын мәлімдеді. Ол Пәкістанда шабуылға ұшыраған алты нысанның ешқайсы содырлар лагері емес екенін де айтты.
Бұл - ядролық қаруы бар көршілер арасындағы ең үлкен қақтығыс.
Исламабадтың реакциясы
Үндістанның шабуылынан кейін Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф PTV мемлекеттік телеарнасында ұлтқа қарата үндеу жасады.
"Үндістан кеше түнде жасаған қатесі үшін жауап беруге мәжбүр болады. Олар бізді шегінеді деп ойлаған шығар, бірақ олар біздің ержүрек ұлт екенімізді ұмытты", - деді Шахбаз Шариф.
Ол "бір сағаттық әуе шабуылы кезінде ұшқыштар жаудың ұшақтарын талқандады" деп мәлімдеді.
Пәкістан әскерилері Үндістанның соққыларына жауап ретінде Үндістан әуе күштерінің бес ұшағын, соның ішінде үш элиталық Rafale ұшағын атып түсіргенін де айтты. Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Мухаммад Асиф Geo News-ке берген сұхбатында Исламабад бейбіт тұрғындарға емес, тек үнді әскери нысандарына соққы жасайтынын айтты.
Үнді шенеуніктері ұшақтар талқандалғанын растаған жоқ.
"Әлі де пәкістандықтар Үндістан ұшағын атып түсіргені туралы ақпаратты тексеріп жатырмыз", - деді Үндістан үкіметінің өкілі.
Еске салайық, бұған дейін 25 сәуірге қараған түні Үндістан мен Пәкістанның әскери қызметшілері Джамму мен Кашмирдегі барлық бақылау шебінде оқ жаудырғаны, онда екі ядролық мемлекеттің әскері арасында 1949 жылы қабылданған шекара сызығы орналасқаны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!