Үндістан тұрғыны 72 жасында алғаш рет ана атанды, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.
Үндістан тұрғыны 72 жасында алғаш рет ана атанды, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.
72 жастағы Каур мен 79 жастағы Мохиндер Сингх Гиллдің баласы 19 сәуірде дүниеге келген, дегенмен бұл жөнінде енді ғана белгілі болып отыр. Әйелдің айтуынша, 46 жыл ерлі-зайыпты болған олар нәресте сүймеген. Осыншама уақыт өткеннен кейін әйелі мен күйеуі экстракорпоралдық ұрықтандыру процедурасынан өтуді жөн көреді. Бірнеше сараптамадан кейін дәрігерлер әйелдің бала көтеруге мүмкіндігі бар екенін айтқан.
"Құдай біздің дұғамызды қабыл алды. Енді мен өзімді толыққанды өмір сүрген адамдай сезінемін. Баламды өзім қараймын. Күйеуім маған көмектеседі", - деді Каур. Нәрестеге Армаан (Armaan) есімі берілген екен.
National Fertility and Test Tube медициналық орталығының мәліметінше, нәрестенің салмағы туған кезде 2 келі болған.