Үндістанда 20 адамға екі түрлі вакцина салынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда 20 адамға екі түрлі вакцина салынған © Reuters

Үндістанның солтүстігінде дәрігерлердің қателігінен коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tribune India басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанның солтүстігінде дәрігерлердің қателігінен коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tribune India басылымына сілтеме жасап.

Уттар-Прадеш штатының Сиддхартнагар ауданындағы медицина қызметкерлері ауыл тұрғындарына Covaxin үнді вакцинасын еккен, ал олар салған алғашқы доза - CoviShield вакцинасы. CoviShield - ұлыбританиялық AstraZeneca вакцинасының жергілікті атауы.

Оқиға медицина қызметкерлерінің қателігін байқап қойған ауыл тұрғындарының бірі арқылы белгілі болды.

Үндістан вакциналарды араластыруға әлі рұқсат берген жоқ, өйткені бүкіл әлемде әртүрлі дозаларды енгізу қауіпсіздігі туралы зерттеу нәтижелері әлі нақты емес. Ауданның бас дәрігері Сандип Чаудхаридің айтуынша, әкімшілік қадағалау бойынша тергеу басталды. Ол немқұрайдылыққа кінәлі деп танылған адамдарға қатаң шаралар қолданылатынына сендірді.

Медициналық топ зардап шеккен науқастарды бақылап отырады және әзірше ешқандай шағым тіркелген жоқ. Кейбір ауыл тұрғындары алдағы апталарда "вакциналар коктейлінің" жағымсыз әсерінен қорқатынын айтып отыр екен.

Еске салайық, Үндістанда COVID-19-дың ерекше жанама әсерлері табылды. Мысалы, үндістандық дәрігерлер коронавирустан аман қалған адамдарда "қара зең" (мукормикоз) ауруын тіркеді. Дәрігерлер саңырауқұлақ ауруына шалдыққан мыңдаған адамның екі немесе бір көзін алып тастауға мәжбүр болды деп хабарланды. Содан кейін "қара зең" эпидемиясы аясында қауіпті "ақ зең" пайда болды. Кейінірек Үндістандағы пациенттер COVID-19-дан кейін зеңнің үшінші түрін анықтады. Заң ауруы туралы бұған дейін толығырақ жазғанбыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети