Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пенжаби штатындағы Амристар елді мекенінде өткен жылдың 19 сәуірінде Далжиндер Каур есімді әйел дүниеге бірінші баласын 72 жасында алып келген, - деп хабарлайды Тhesun.
Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пенжаби штатындағы Амристар елді мекенінде өткен жылдың 19 сәуірінде Далжиндер Каур есімді әйел дүниеге бірінші баласын 72 жасында алып келген, - деп хабарлайды Тhesun.
Алайда әйел адам босанғаннан кейін оның буындары әлсіреп, қан қысымы жиі көтерілетін болған. "Менің қан қысымым көтеріле береді, тез шаршап қаламын, қазірдің өзінде де шаршап тұрмын. Мен бірнеше дәрігерге бардым, олар маған тек дәрілер жазып, диета сақтауды ұсынады. Мен баламның, Армаан Сингхтың денсаулығына алаңдаймын. Өзімнің денсаулығымда мәз емес, бірақ баламдікі маңыздырақ. Ол еңбектей алмағандықан, оны әрдайым көтеріп жүру керек. Менің шамам жетпей қалады. Бұл мен ойлағаннан да қиын екен", - дейді 73 жастағы ана.
Ұлттық бала туылу орталығының дәрігері Анураг Бишна егде жастағы жұпқа балалы болуына көмектескен. Олардың баласы туылған кезде салмағы тым аз болған. "Оның салмағы осы күннің өзінде тым аз. Оның жасындағы жаялықтардың өзі оған тура келмейді. Бәлкім мен оны үзбей емізсем, оған салмақ қосылар ма еді? Мен оны үш айдан бері емізбедім, себебі менде сүт шықпайды. Біз дәрігерлерден салмақ қосуға арналған дәрілер бар ма деп сұрадық, алайда олар оның өздігінен салмақ қосқаны дұрыстығын айтты", - дейді әйел.
Далжиндер Каурдың 79 жастағы күйеуі Мохиндера Сингх Гилл жасы біразға келіп қалғанын айтып, бірақ соған қарамастан баласы үшін не қажеттінің барлығын әперуге дайын екенін айтады. "Біз қандай жағдай болмасын баламыздан бас тартпаймыз. Біз оны қатты жақсы көреміз", - дейді егде жаста ата-ана атанған жұп.