Үндістанның солтүстігінде дүйсенбіде таңғы уақытта автобус пен жүк көлігі соқтығысу салдарынан кемінде 11 адам қаза тауып, 15-тен аса адам жарақат алды, - деп хабарлайды ANI агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, жол апаты Раджастан штатындағы Лакхасар елді мекенінің аумағында болған. Өз кезегінде India Today журналы соққының қатты болғаны соншалық, 10 адам бірден қаза тапқанын жазған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, оларға қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Әзірше жол апатының нақты себебі белгісіз. Раджастан штатының бас министрі Ашок Гелот қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.