29 сәуір 2021 | 15:00

Үндістанда COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша жаңа әлемдік рекорд орнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Үндістанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жаңа әлемдік рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Үндістанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жаңа әлемдік рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде Үндістанда коронавирустың 379 257 жаңа жағдайы және 3645 өлім тіркелген. Бұл пандемия басталғалы рекорд көрсеткіш. Ел үкіметі вирус жұқтырғандардың жалпы саны 18 376 524 адамға жеткенін хабарлап отыр. 

Үндістанның ең көп зардап шеккен аймақтары - Махараштра, Керала, Карнатака, Уттар-Прадеш, Тамилнад штаттары. Сондай-ақ Дели ұлттық астана округінде кейінгі тәулікте 381 адам қайтыс болды, бұл елорда үшін ең жоғары көрсеткіш.

Еске салайық, 22 сәуірде Үндістанда алғаш рет бір күнде 314,8 мың жаңа жағдай тіркеліп, әлемдік рекорд орнады, содан кейін ел бұл көрсеткішті бірнеше рет асып түсті, 23 сәуірде - 332,7 мың, 24 сәуірде - 346,7 мың, 25 сәуірде - 349,6 мың және 26 сәуірде - 352,9 мың адамнан вирус анықталды.

Осылайша, қазіргі уақытта Үндістан коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети