Үндістан билігі порносайттарға тыйым салмайтын болды, себебі халық әлеуметтік желі арқылы бұл шараны белсенді түрде сынға алды, - деп хабарлайды NDTV Gadgets.
Үндістан билігі порносайттарға тыйым салмайтын болды, себебі халық әлеуметтік желі арқылы бұл шараны белсенді түрде сынға алды, - деп хабарлайды NDTV Gadgets.
Ересектердің мұндай сайттарға кіруіне тамыз айының басында тыйым салынды. Енді Үндістан билігі 857 порносайтқа салынған тыйымды алып тастады, алайда балалар порнографиясы бар контенттерге тыйым салу интернет-провайдерлерге міндеттелді.
Сонымен қатар, жаңа шешім енді провайдерлердің тарапынан сынға түсті. "Бұл өте асығыс қабылданған және таразыланбаған шешім. Бізге балалар порнографиясы бар ма, жоқ па екенін анықтау үшін барлық порносайтты тексеру міндеттелді. Біздің оны қалай тексеруіміз керек, әзірше белгісіз", - деп мәлімдеді Үндістандағы негізгі байланыс операторларының бірінің өкілі.
Айта кетейік, шетелдік ақпарат құралдарының мәліметінше, әлеуметтік медианың кеңеюі мен смартфонды қолданушылардың көбеюіне байланысты Үндістанда порнографияға деген сұраныс артып жатыр. Бұл ел қазіргі таңда ересектерге арналған ең атақты сайттардың бірі Pornhub-қа кіру жағынан рейтингте төртінші орында тұр.