Үндістанда жолбарыс фермерді жеп қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда жолбарыс фермерді жеп қойды Фото:depositphotos.com

Үндістанның Махараштра штатында жолбарыс егде жастағы фермерге шабуыл жасап, жеп қойған. Ер адамның денесін оның ұлдары орманнан тауып алған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанның Махараштра штатында жолбарыс егде жастағы фермерге шабуыл жасап, жеп қойған. Ер адамның денесін оның ұлдары орманнан тауып алған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

The Times of India порталы мәліметінше, 60 жастағы Моханкара күндіз балық аулауға барып, кейін өз фермасына аттанбақ болған. Алайда кешке үйіне оралмағаннан кейін ұлдары дабыл қағып, көмекке ауыл тұрғындарын шақырып, әкесін іздеуге шыққан.

Шамамен 23:00-де адамдар тобы бөлшектенген адамның денесін тапқан. Кейін оның Моханкара екені анықталды. Ол штаттағы жабайы жануарлардың 41-ші құрбаны болған.

Жергілікті тұрғындар бұл трагедияға орман шаруашылығы қызметкерлерін айыптады. Олардың айтуынша, ауыл маңында жолбарыстар мен қабыландардың бар екенін біле тұра, тиісті шараларды қолданбаған.

Ресми статистикаға сәйкес, 2022-2023 жылдары осы штатта жабайы жануарлардың шабуылынан 111 адам қаза тапқан. Оның 81-і жолбарыстардың, 18-і қабыландардың, ал қалған 12-сі басқа жануарлардың құрбаны болған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети