01 сәуір 2018 09:56

Үндістанда қонақүй құлады: Адамдар үйінді астында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© asianage.com © asianage.com

Үндістандағы Индаур қаласында төрт қабатты қонақүй құлады, ең кемі 10 адам қаза тапты. Үйінді астында шамамен 20 адам болуы мүмкін, деп хабарлады Asian Age.


Үндістандағы Индаур қаласында төрт қабатты қонақүй құлады, ең кемі 10 адам қаза тапты. Үйінді астында шамамен 20 адам болуы мүмкін, деп хабарлады Asian Age.

Басылымның мәліметінше, қазіргі таңда құтқарушылар үйінділерді алып, жоғалып кеткен адамдарды іздеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Қонақүй кеше кешке сағат 9.20 шамасында құлаған.

Полицияның мәліметтері бойынша, шамамен 20 адам үйінді астында қалды. Ғимараттың ішінде қонақүй, лаундж-бар мен бірнеше дүкен болған. Қонақүйде 25 номер бар.

Ғимараттың құлауына автокөліктің оған барып соғылуы себеп болуы мүмкін. Алайда бұл ресми түрде расталған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети